Сынау орталығы

phoca_thumb_m_lab_1

phoca_thumb_m_lab_2

phoca_thumb_m_lab_3

Кәсіпорнымыздың құрамында сынау орталығын құру қажеттілігі, бір жағынан, жобалау кезеңі алдындағы іздеулер (инженерлік-геологиялық және экологиялық) дұрыстығын, екінші жағынан, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексімен көзделген іздеулер қорытындыларына деген сенімділікті қамтамасыз ету үшін негізделген.
Кез келген сынау орталығы (сынау зертханасы) – зерттеліп жатқан нысанның сыртынан қарағанда көрінбейтін жасырын жағдайын анықтау құралы. Осыған негізделе отырып, тапсырыс берушілермен (серіктестермен) жұмыс істеу барысында ең басты фактор - біздің зертханаларымызға сенімділік деңгейі, ол келесі қағидаларға негізделеді:

  • өткізілген сынақтардың сапасын қатаң бақылау;
  • үнемі жетілдіру;
  • алған міндеттемелерді жауапкершілікпен орындау;
  • әрбір серіктеспен жеке жұмыс жасау.

Осыған байланысты Сынау орталығы ҚР-дың мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 (аккредиттеу аттестаты №KZ.И.14.0003) талаптарына сәйкестігіне аккредиттеуден өтті. Біз ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігімен жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар тізіміне енгізілген ұйым болып табыламыз (№134).

Осыған білікті мамандар тобы мен жыл сайын толықтырылып, жаңартылатын заманауи жабдықтармен жабдықталған зертхана арқылы қол жеткіздік.
Сынау орталығы қызметінің негізгі түрлері:

  • қоршаған орта ауасын зерттеу (су, ауа, топырақ);
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндірістік мониторинг жүргізу;
  • стационарлық және жылжымалы ластау көздерін бақылау;
  • аспирациалық және желдеткіш жүйелердің тиімділігін бағалау;
  • еңбек жағдайларын санитарлық-гигиеналық зерттеу;
  • жұмыс орындарын аттестаттау;
  • топырақтардың физикалық-механикалық және химиялық қасиеттерін зерттеудің толық кешені;
  • бетон, темір-бетон және тас құрылымдарының беріктігін, бетонның қорғау қабатын және арқаудың орналасуын анықтайтын зерттеулер.

 

 

Сынау орталығының аккредиттеу саласындағы зерттеу нысандары:

  • Ауызсу;
  • Ағынды су;
  • Табиғи су;
  • Топырақ;
  • Жер;
  • Атмосфералық ауа;
  • Жұмыс аймағының ауасы;
  • Жұмыс орындары;
  • Өнеркәсіптік шығарындылар;
  • Қалдықтар;
  • Құрылыстық құрылымдардағы бетонның қорғаныс қабатының беріктігі және қалыңдығы.

Біздің тұрақты тыпсырыс берушілер қатарында:

Тапсырыс беруші: Тапсырыс беруші:

«Қазхром»ТҰК АҚ

Қоршаған орта нысандарындағы металдар.

«Каустик» АҚ

Қоршаған орта нысандарындағы металдар.

«Павлодарэнерго» АҚ

Еңбек жағдайларын зерттеу, жұмыс орындарын аттестаттау.

«Мойылды шипажайы» АҚ

Экологиялық мониторинг. Балшық пен рапаларды сынау. 

«Гелиос» ЖШС

Экологиялық мониторинг.

«ПМХЗ» АҚ

Қоршаған орта нысандарындағы металдар.

«Кастинг» ЖШС ПФ

Экологиялық мониторинг. Аспирациалық және желдеткіш жүйелердің жағдайларына бақылау жүргізу.

«KSP Stееl» ЖШС ПФ

Экологиялық мониторинг. Аспирациалық және желдеткіш жүйелердің жағдайларына бақылау жүргізу.

«Алға А» АҚ

Жұмыс орындарын аттестаттау.

«Вагонсервис» АҚ

Жұмыс орындарын аттестаттау. Экологиялық мониторинг.

«Азимут Энерджи Сервисез» АҚ ПФ

Қоршаған орта нысандарындағы металдар.

«ҚазТрансОйл» АҚ ШФ

Қоршаған ортаға әсер ететін физикалық ықпалдарды бағалау. Экологиялық мониторинг.

«AES Екібастұз» ЖШС

Жұмыс орындарын аттестаттау. Қоршаған ортаға әсер ететін физикалық ықпалдарды бағалау.