Геология бөлімі

Стенд для испытания грунтов

Буровая установка

Геология бөлімі құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздеулер барысында қажетті бүкіл жұмыстар кешенін орындайды. Жұмыс барысында пайдаланылады:

  • УРАЛ және ЗИЛ 131 автокөліктеріне орнатылған УГБ-50М және УРБ-2,5 бұрғылау құрылғылары (сәйкес);
  • топырақтың барынша жоғары тығыздығын анықтауға арналған УГПС РЭ құрылғысы;
  • топырақтың ісінуін бағалайтын ПНГ-2 құрылғысы;
  • саз-балшықты және құмдақ жерлердің ығысу кедергісін анықтауға арналған ПСГ-2М құрылғысы;
  • топырақтың компрессиялық қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтауға арналған КПр - I РЭ құрылғысы.

Сондай-ақ бөлім мамандары:

  • бақылау ұңғымасын және шаруашылық пен ауызсу мақсатындағы ұңғымаларды орнату жөніндегі жұмыстарды;
  • жер асты суларына мониторинг жасау жұмыстарын орындайды;
  • жер асты суларына мониторинг жасау жөніндегі жобалар мен есептерді, ұңғыма төлқұжаттарын құрастырады («ЦентрКазНедра» ХД-мен келісу арқылы);
  • қайта жаңғыртуға жататын ғимараттар мен имараттар негізінің топырағын зерттейді;
  • жер имараттарының тығыздығын анықтайды (жол, бөгет, қазаншұңқырлардың қайтадан жабылуы).