Зертханалық-аспаптық зерттеулер

Аккредиттелген сынау орталығы қызметінің негізгі түрлері:

  • қоршаған орта нысандарын зерттеу (су, ауа, топырақ);
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілетін өндірістік экологиялық мониторингтер;
  • стационарлық және жылжымалы ластау көздерін бақылау;
  • аспирациялық және желдету жүйелерінің тиімділігін бағалау;
  • еңбек жағдайларын санитарлық-гигиеналық зерттеу;
  • жұмыс орындарын аттестаттау;
  • топырақтың физикалық-механикалық және химиялық қасиеттерін толық зерттеу кешені;
  • бетон, темір-бетон және тас құрылымдарының беріктігін, бетонның қорғау қабатын және арқаудың орналасуын анықтайтын зерттеулер.

Сынау орталығының аккредиттеу саласындағы зерттеу нысандары:

  • Ауызсу;
  • Ағынды су;
  • Табиғи су;
  • Топырақ;
  • Жер;
  • Атмосфералық ауа;
  • Жұмыс аймағының ауасы;
  • Жұмыс орындары;
  • Өнеркәсіптік шығарындылар;
  • Қалдықтар;
  • Құрылыстық құрылымдардағы бетонның қорғаныс қабатының беріктігі және қалыңдығы.